Дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасы
Жалпы ақпарат
- электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан дербес деректерді қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқама беру;
- Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
- дербес деректер субъектісінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарау және тиісті шешім қабылдау.