Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 146 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні – 18 тамыз болып белгіленді.
    Әуе қорғанысы күштерінің негізгі тапсырмалары:
    Қазақстан Республикасының әуе шебін қорғауды қамтамасыз ету;
    мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді әуе шабуылынан қорғау;
    ҚР ҚК басқа да түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау.
    Әуе қорғанысы күштерінің құрамына
    әскери әуе күштері;
    әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері;
    тікелей бағыну бөлімдері
    парашют дайындау орталығы;;
    әуе қозғалысын басқару органдары;