Білім алушылардың мемлекеттік тапсырысын және контингентін қалыптастыру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Білім алушылардың мемлекеттік тапсырысын және контингентін қалыптастыру басқармасы еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің күтулеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырумен және бөлумен, сондай-ақ оқуға түсетін үміткерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырумен және өткізумен айналысады.

    «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру, Республикалық комиссияға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бос білім беру гранттарын беру, Президенттік стипендия беру, «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру гранттарын беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді жоғары оқу орындарының арасында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды даярлауға, білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

    Басқарма телефондарының байланыс нөмірлері: 8 (7172) 74-17-39, 74-22-84, 74-25-25, 74-16-70.