Қаржы және ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары:

    Міндеті: Комитеттің қаржылық қызметіне бухгалтерлік есеп жүргізу.

    Функциялары:

    1. белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген бюджеттік қаржыландыру жоспары бойынша ашылған лимиттерге және олардың мақсатты тағайындалуына сәйкес қаражаттардың дұрыс және тиімді шығысын, сондай-ақ ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;

    2. ұйымдар мен жеке тұлғалардың қаржыландыру жоспарын орындау процесінде туындайтын есепті уақытылы жасау;

    3. Комитеттің қаржыландыру жоспарларын жинақтау және уәкілетті органға уақытылы беру;

    4. жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу;

    5. Комитеттің штаттық кестесін жасау мен келісудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру;

    6. Комитеттің бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттік қаражаттарды игеру туралы ай сайынғы есеп дайындау;

    7. активтердің, арзан құнды және тез тозатын заттардың, басқа да материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    8. активтер, ақшалай қаражаттар, есептеулер мен материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу қорытындыларын уақытылы және дұрыс анықтау, оларды есепке алу;

    9. Комитет бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек есебін жасау;

    10. аумақтық қазынашылық бөлімшеде мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеу;

    11. Комитет қызметкерлерінің жалақысын мерзімінде есептеу және төлеу;

    12. есепке алу регистрінде талдамалық есеп жүргізу (кітаптарда, карточкаларда, айналым ведомостерінде және т.б.);

    13. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;

    Міндеті: Басқарма құзыретінің шегінде, Комитеттің қаржылық қызмет бойынша жұмысты үйлестіруді ұйымдастыру;

    Функциялары:

    Комитеттің бюджеттік өтінімін жинақтау және Министрлікке уақтылы ұсыну;

    Комитеттің 001 кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетті әзірлеу және бекіту жөніндегі рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету;

    Комитеттің ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың даму жоспарларын, сондай-ақ қаржылық есептерін бекіту;

    Республикалық бюджетті қалыптастыруға, нақтылауға және түзетуге арналған бюджеттік өтінімдерге Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен ұсыныстар жинау;

    Министрлікке есепті кезеңдегі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен ақпаратты жинақтау және уақытылы ұсыну.

    6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Комитеттің басшылығына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады

    Міндеті: Бюджет пен есептілікті орындауды ұйымдастыру және іске асыру.

    Функциялары:

    1. құжаттардың уақытылы және дұрыс рәсімделуі мен жүргізілетін операциялардың заңдылығын бақылауды жүзеге асыру;

    2. қаржылық жоспардың міндеттемелері бойынша міндеттемелердің қабылдануын бақылау, белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескеріп, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;

    3. мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен енбек шарты бойынша жұмысқа қабылданған адамдарға жалақыны мерзімінде есептеу мен төленуін бақылау;

    4. мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен бірлесіп қаржыландыру жоспарын орындау процесінде туындайтын есептердің уақытылы жүргізілуін бақылау;

    5. ақшалай қаражаттарды, негізгі құралдарды, есептер мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, түгендеу қорытындыларын уақытылы және дұрыс анықтау, оларды есепке алу;

    6. құндылықтардың сақталуына жауап беретін тұлғалармен оларды есепке алу және сақтау жөнінде нұсқама өткізу;

    7. бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгілеген жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде және тәртіпте жасау және ұсыну;

    8. уәкілетті органдар белгілеген мерзімде және тәртіпте жылдық, тоқсандық, салық және статистикалық есептерді жасау және ұсыну;

    9. активтердің, арзан құнды және тез тозатын заттардың, басқа материалдық құндылықтардың сақталуын және оларды сақтау мен пайдалану орнында сақталуын бақылау;

    10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есепке алу регистрі мен есеп берудің, есептік деректерді электрондық өңдеу бағдарламаларының, басқа құжаттардың сақталуын, сондай-ақ олардың мұрағатқа өткізілуін бақылау;

    11. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    Міндеті: Комитеттің шаруашылық қызметінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    мүліктің: активтердің, арзан құнды және тез тозатын заттардың, басқа материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

    қызметкерлерді кеңсе керек-жарақтармен және күнделікті шаруашылықта пайдаланылатын бұйымдармен қамтамасыз ету;

    ұзақ мерзімді активтер мен қорларды есептен шығару және қабылдау-тапсыру бойынша есепті уақытылы және шынайы жүргізу;

    ұзақ мерзімді активтер мен қорлар бойынша есептің мемориалдық нысандарын уақытылы толтыру.

    Міндеті: Басқарма құзыретінің шегінде, Комитеттің мемлекеттік сатып алулар мен қаржылық қызмет бойынша жұмысты үйлестіруді ұйымдастыру;

    Функциялары:

    Комитеттің бюджеттік өтінімін жинақтау және Министрлікке уақтылы ұсыну;

    Тиісті қаржы жылының бюджетіне нақтылаулар енгізу бойынша ұсыныстар жинау;

    Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ұсынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру және уәкілетті органға есептілікті уақтылы ұсыну;проведение совместно со структурными подразделениями Комитета государственных закупок;

    Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

    Комитет басқаратын бағдарламалар бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуді ұйымдастыру;

    Комитеттің бюджеттік бағдарламалары бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша шарттар жасасуды қамтамасыз ету;

    республикалық бюджетті қалыптастыруға, нақтылауға және түзетуге арналған бюджеттік өтінімдерге Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен ұсыныстар жинау.