ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Пайдалануға беру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқарманың міндеттері:

    - автомобиль жолдарын есепке алуды, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін бағалауды жүзеге асырады;

    - автомобиль жолдарын пайдалану ережесін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    - автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстаудың жылдық индикативті, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

    - автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық құжаттарын әзірлеуге қатысады;

    - автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін талдауды жүзеге асырады, оларды жақсарту бойынша ұсыныстарды енгізеді;

    - ЖКА талдау жүргізеді, сондай-ақ олардың пайда болу себептерін жою бойынша ұсыныстарды енгізеді;

    - жол шаруашылығының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етеді және бақылайды;

    - мемлекеттік тапсырыс шартының шеңберінде жолдарды жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстардың барысын бақылауды ұйымдастырады;

    - республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржының арнаулы жұмсалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысады;

    - қызметін автомобиль жолдары саласында жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың құрылтай құжаттарын әзірлеуге қатысады;

    - автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бақылау жүргізеді;

    - жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің дамуын үйлестіру;

    - заңнамамен белгіленген тәртіпте өзге де міндеттерді орындайды.