Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу басқармасы

    Управление долевого участия в жилищном строительстве

    Функциялары:

    1. осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    2. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді.

    3. кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді.

    4. жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

    5. құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді.

    6. уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді.

    7. уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталғақатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді.

    8. кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

    9. капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

    10. кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

    11. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

    12. үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

    13. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

    14. жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттардың мониторингі жәнеталдауы.

    15. тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілің алған мониторингі және талдауы.