Адам ресурстар басқармасы
Басқарма құрамына екі бөлім кіреді:
персоналмен жұмыс бөлімі;
қызметтік тергеу бөлімі.
Басқарма ұйым штаты талап ететін кәсіптердің, мамандықтар мен біліктілі қызметкерлермен толықтырады, ұйымға кадрларды іріктеу және орналастыру жұмыстарын жүргізеді, корпоративтік мәдениетті дамытады және персоналды оқыту жұмыстарын жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшелерде қызметкерлерге қатысты Қазақстан Республикасындағы "мемлекеттік қызмет туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңдардың және Еңбек кодексінің сақталуын, белгіленген кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің берілуін бақылайды.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ұйымның Ережесіне, АРБ Ережесіне, ұйым басшысының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Басқарманың негізгі міндеттері Ұйым штатын талап етілетін кәсіптерді, мамандықтар мен біліктіліктерді қызметкерлермен жасақтау, ұйымда кадрларды іріктеу және орналастыру; кадр бөлімінің жұмысын жетілдіруге бағытталған процестерді басқару және жағдайын болжау; кадрларды оқыту, даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қызметкерлердің тиімділігін бағалауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; кадрларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру; ұйымда кадрларды есепке алуды жүргізу болып табылады; Кадрлық мәселелер бойынша ұйымның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз ету; атқарушылық тәртіптің жай-күйін талдау; материалдық және моральдық көтермелеуді дайындауға қатысу, сондай-ақ қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту; еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытын жоғалтуды кеміту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуын бақылау; Қызметкерлердің тиімділігіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, оны әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, аттестаттау нәтижелерін талдауға қатысу, аттестаттау комиссиясы шешімдерінің орындалу барысына тұрақты бақылауды жүзеге асыру; ҚР Президентінің Жарлығымен белгіленген қағидаттарға, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүйеде мемлекеттік қызметті өткеруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді