Қауіпсіздік басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Басқару функциялары:

    • өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
    • қол жеткізуді басқару, бейнебақылау, күзет дабылы жүйелерінің жұмыс істеуін және бақылауды қамтамасыз етеді;
    • Агенттікте өткізу және объектішілік режимдердің тәртібін реттейтін құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет дабылы құралдарын қорғау мен пайдалануды ұйымдастырады;
    • өткізу және объектішілік режимдерді жүзеге асыру үшін мөрлерді сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;
    • тұрақты электрондық, материалдық және басқа да рұқсаттамаларды беруді, есепке алуды, пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
    • қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің технологиялық жабдықтың істен шығуын болдырмау үшін қажетті іс-қимылдар мен шараларды уақтылы қабылдауы мақсатында Агенттіктің серверлік үй-жайларында орналасқан технологиялық жабдықтың жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
    • өрт дабылы жүйелерінің және автоматты өрт сөндіру қондырғыларының мониторингін, агенттікте физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық жүйелерін сүйемелдеуді жүзеге асырады;
    • Азаматтық қорғаныс жоспарларын, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттіктің нормативтік емес құқықтық актілерін әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
    • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оқшаулау және жою жөнінде шаралар қабылдайды;
    • тактикалық-арнаулы және командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізеді, Агенттікте азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырады;
    • Агенттік басшылығын хабардар етеді, сондай-ақ қаланың кезекші қызметтерін олар туындаған кезде штаттан тыс және төтенше жағдайлар туралы ескертеді;
    • Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда эвакуациялық іс-шараларды дайындауды және өткізуді жүзеге асырады;
    • нәтижесінде Агенттікке залал келтірілуі мүмкін қауіпсіздіктің ықтимал қатерлерін айқындайды;
    • Агенттіктің тұрақты жұмыс істеуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, материалдық-техникалық құралдарды ұрлаудың, Агенттіктің мүлкі мен құндылықтарын жоюдың және бүлдірудің алдын алу жөніндегі шараларды әзірлейді және қолданады;
    • Агенттікте осы іс-шараны ұйымдастыруға жауапты Агенттіктің мүдделі бөлімшесімен бірлесіп өткізілетін іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
    • террористік қатерлер, құқыққа қайшы көріністер мен наразылық акциялары туындаған жағдайда қауіпсіздік шараларын қолданады;
    • Агенттікте қауіпсіздік деңгейіне мониторинг пен талдауды жүзеге асырады;
    • Агенттікте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін актілерге сәйкес жұмысты ұйымдастырады;
    • Агенттіктің өрт қауіпсіздігі және техникалық реттеу саласындағы актілерінің жобаларын әзірлейді;
    • Агенттікте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіреді, сондай-ақ Агенттік қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар жүргізеді;
    • Агенттікте өртке қарсы қауіпсіздікті ішкі бақылауды жүзеге асырады.