ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасы
Салықтық әкімшілендіруді, ҚР салық заңнамасына сәйкес салықтық бақылауды жүзеге асыру; салықтық әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуға және реинжинирингтеуге қатысу; ҚР салық заңнамасында белгіленген тәртіпте салықтық тексерулерді, ҚР трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіпте трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулерді жүргізу; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау, сондай-ақ ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану; есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде ҚР салық заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету; мемлекеттік кірістер органдарының және оның лауазымды адамдарының шешіміне, іс-әрекетіне шағымдарды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау; мемлекет мүдделерін қорғау.