Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы
Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы
Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар мен қызметтік іссапарлар жоспарын әзірлейді, атқарушылық тәртіпке бақылау жүргізеді, есептердің, ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдардың ұсынылуын бақылайды. Жоспарларға, алқа шешімдеріне және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды, қызметтік қызметті және қызметтердің нәтижелерін талдайды. Жедел және аппараттық кеңестердің отырыстарын ұйымдастыруды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді, Комитет басшылығына арналған ақпараттық-талдамалық материалдарды, тезистерді, баяндамалар мен сөз сөйлеулерді дайындайды.