Талдау және тәуекелдер басқармасы
Талдау және тәуекелдер басқармасы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2 бөлімнен тұрады:
Тәуекелдер бөлімі
Талдау бөлімі
Талдау және тәуекелдер басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді және басқарманың ережесін басшылыққа алады.
Басқарманың міндеттеріне барлық деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімдері бойынша болжамды бағалауды орындау, салықтар, төлемдер және басқа да қаржылық міндеттемелер түсімдерінің серпінін қадағалау кіреді.
Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз ету, бюджетке түсетін түсімдердің қосымша резервтерін анықтау бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру, резервтерді анықтау бойынша жаңа модельдер мен бағыттарды әзірлеу. Салық және кеден заңнамасын жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру.