ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әкімшілендіру департаменті Қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    ҚҚС әкімшілендіру басқармасының негізгі функциялар

    - аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) қайтару бойынша салықтық тексеру актілеріне талдау жүргізу;

    - ҚҚС асып кетуіне талдау жүргізу;

    - салықтық бақылауды жүзеге асыру;

    - Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына тексеру жүргізу, жұмыста анықталған кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдау;

    - Басқарманың құзыреті шегінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына, ҚҚС қайтаруды әкімшіліктендіру мәселелері бойынша, практикалық көмек көрсету;

    - өз құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініштерді қарау;

    - Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар ұсыну;

    - Асып кеткен ҚҚС қайтаруды әкімшіліктендіруді жетілдіру бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жұмыс топтарына қатысу;

    - комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеу;

    - ҚҚС асып кеткен сомасының дұрыстығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін әзірлеу;

    - Асып кеткен ҚҚС қайтару қағидаларын әзірлеу;

    - асып кеткен ҚҚС қайтаруды әкімшіліктендіру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

    - Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, құжаттар мен ақпараттық материалдарды дайындауда, Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп қатысу;

    - тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша, тауар айналымы 30 000 АЕК-тен жоғары асқан салық төлеушілерді, ҚҚС бойынша есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру;

    - Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.