Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Басқарма екі бөлімнен тұрады:
ҚҚС әкімшілендіру бөлімі;
акциздерді әкімшілендіру бөлімі.
Басқарманың негізгі міндеттері болып:
Жанама салықтардың бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, ҚР Салық заңнамасын сақтау. Жанама салықтарды әкімшілендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жанама салықтарды, оның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру. Жанама салықтарды әкімшілендіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Мемлекеттің салық саясатын, Қазақстан Республикасының Салық және өзге де заңнамасын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелері бойынша білікті түсіндіру жұмыстарын жұргізу болып табылады.