Департаментің Әдеп жөніндегі уәкілі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің
Жалпы ақпарат
Әдеп жөніндегі уәкіл дербес лауазымын атқаратын адам, өз мемлекеттік органының құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетін жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон не ақпаратты тиісінше беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникация құралдарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін.