Әдеп жөніндегі уәкілі

    Жалпы ақпарат

    Әдеп жөніндегі уәкіл - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

    Сондай-ақ оның міндеттеріне ұжымда моральдық өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу кіреді.

    Өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және басқа да азаматтарға жұмыс күндері сағат 09:30-дан 18:00-ге дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 3 кіреберісінде қабылдау жүргізеді.

    Қабылдауға алдын ала жазылу +7 (7172) 555-424