Әдеп жөніндегі уәкілі
Жалпы ақпарат
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 24.06.2019 жылғы №11 бұйрығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері Комитеттің мемлекеттік шекарасында санитарлық күзетті жүзеге асыруды үйлестіру басқармасының басшысы Нұртуған Жақанұлы Ерубаевқа жүктелді.