Әдеп жөніндегі уәкіл
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауына мониторинг пен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады (49-баптың 3-тармағы).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген ережеге сәйкес әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызмет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Әдеп жөніндегі уәкіл:
- мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
- ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның жағымды имиджін және ұжымда дұрыс ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы және т.б. ұсынымдар енгізеді.