Әдеп жөніндегі уәкіл

    Жалпы ақпарат

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаменттеріндегі Әдеп жөніндегі уәкілдердің функцияларын жүктеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 23.02.2023 жылғы № 86-НҚ бұйрығымен Маширова Айгүл Асқарбайқызы Әдеп жөніндегі уәкіл жауапты тұлға болып тағайындалды. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де актілерін басшылыққа алады.
    Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда танылған және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
    Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
    1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
    2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
    3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
    4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
    5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
    6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;
    7) мемлекеттік органның басшылығына мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдамау жағдайлары туралы хабарлайды;
    8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізеді және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
    9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзудың профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
    10) мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
    11) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныспен тиісті лауазымды адамдарға жүгінеді;
    12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті жүзеге асырады.
    Лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғуы мүмкін Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығына (мүдделер қақтығысына) негізделген күмән тудыратын мән-жайлар болған кезде Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.
    Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де Азаматтарды оның функцияларына жатқызылған мәселелер бойынша жалпыға бірдей көруге болатын орындарда орналастырылған кестеге сәйкес қабылдауды жүзеге асырады.Қажет болған жағдайда азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не ақпараттың тиісінше берілуін қамтамасыз ететін басқа да коммуникация құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.Әдеп жөніндегі уәкілге қызметшілер мен азаматтар проблемалық жағдайларды реттеу бойынша кеңес беру үшін көмек сұрай алады, әріптестермен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.Этикалық бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін үнемі жетілдіру мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеу және олардың сақталуын жүйелі бақылау халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға ықпал ететін болады.