Әдеп жөніндегі уәкіл

    Жалпы ақпарат

    Этикалық нормаларды сақтау – мемлекеттік қызметшілердіңбасты жауапкершілігі

    Мемлекеттік қызмет жүйесінде этикалық нормаларды сақтау ерекше орын алады.

    Мемлекеттік қызметшілердің мәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ережелер мен нормаларды айқындау мақсатында 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2015 жылдың соңына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекітілді.

    Қазіргі жағдайда мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мәселелері қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал ететін осы саладағы заңнаманы жетілдіруді талап етті.

    2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметтің жаңа Әдеп кодексі енгізілді, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.

    Осы міндетті іске асыру нәтижесі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) болды.

    Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев өткен жылдың қаңтар айында Парламент Мәжілісінің отырысында және кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысы «жаңа тәсілдерді» енгізуді, Мемлекеттік қызмет жүйесін іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған етіп қайта жүктеу қажеттігі туралы талап ететінін атап өтті.

    Қазақстан қоғамында болып жатқан өзгерістер мен күнделікті өміріміздегі факторлар Жаңа Қазақстанды құрудың басты факторы болып табылатын мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа көзқарастарды қажет етеді.

    Осыған байланысты халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру және адамдарға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру арқылы халықпен кері байланысты жақсарту жұмыстарын жүргізу қажет.

    Осыған байланысты жаңа Әдеп кодексі кәсіби әдеп нормаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін аса қажет.

    Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-қатерлерді шешу жаңа редакциядағы Әдеп кодексін қабылдауға себеп болды. 2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қ. Тоқаев Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясын бекітті.

    Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілерде моральдық - адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін негіз болады.

    Өзгерістер Кодекстің құрылымына да әсер еттіп, «Мемлекеттік қызметтің этикалық принциптері» атты жаңа тарау пайда болды. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы алты қағидатқа негізделді.

    Бұл - адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану. Айта кетерлігі, мұндай талаптар мемлекеттік қызметшілерге бұрынғы кодексте де қойылған болатын. Бірақ кодекстің жаңа редакциясында ашықтық пен клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар көзделген, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толық бағдарлана отырып, жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болуға және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс.

    Кодекске қабылданған түзетулер халыққа қызмет көрсететін, ашық және қолжетімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.

    Әдеп кодексінің нормаларын іске асыру үшін Әдеп жөніндегі уәкіл тиімді көмек көрсетеді, оның қызметі Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені регламенттейді. Ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі мен қызметі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын сақтауды қамтамасыз етуге, олардың жауапкершілігін арттыруға, ұжымда және қоғамда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға бағытталған. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге ашықтық, әділдік, клиентке бағдарлану, адалдық, сыпайылық және адалдық сияқты мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаларын түсіндіру бойынша жұмысты үздіксіз жүргізеді.

    Азаматтардың да, мемлекеттік қызметшілердің де әртүрлі себептерге байланысты Мемлекеттік қызмет саласында болып жатқан өзгерістердің мәнін егжей - тегжейлі зерделеу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Нәтижесінде шешім қабылдау және өз құқықтарын қорғау кезінде қиындықтар туындайды. Мұндай жағдайларда Әдеп жөніндегі уәкіл маңызды рөл атқарады.

    Ол жүзеге асыратын негізгі функциялардың бірі мемлекеттік қызметшіге консультациялық көмек көрсету болып табылады. Мұндай көмек мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің этикасының кез келген мәселелері бойынша көрсетілуі мүмкін. Консультациялық көмек жеке қабылдау, әңгімелесу барысында көрсетіледі.

    Облыстың Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды қабылдау кестесі «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» ММ ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

    Анықтама үшін телефон: 8 (7102) 60-03-06

    Қабылдау күндері: әр сейсенбі – 16:00-ден 18:00-ге дейін

    Мекен-жайы: Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы 1, № 815 кабинет.

    Ұлытау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

    Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегіуәкілінің 2024 жыл көлеміндеатқарған жұмыстары туралы ақпараты

    2024 жылғы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (әрі қарай – Агенттік) төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы №43 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жоспарына (әрі қарай-Үлгілік жоспар) сәйкес негізделеді.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік органдар мен қызметшілердің ашықтығы мен халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі туралы деректер, оның қабылдау кестесі облыс әкімі аппаратының облыс әкімдігінің ресми сайттарында жарияланды. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәлімет қазіргі уақытта QR қосымшасы арқылы ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (әрі қарай- Әдеп кодексі) жаңа мәтінімен бірге «Ұлытау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналастырылды және басқа да мемлекеттік органдардың ғимараттарында қол жетімді жерлерде орналастыру жұмыстары жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің» (әрі қарай Ереже) 9-тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдер өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.

    2024 жылы 60 мемлекеттік қызметшілерге жеке консультациялық көмек берілді, яғни бұл азаматтар мен азаматшалар мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған және қайта қабылданған азаматтар. Осы аралықта Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш (ауызша-3 өтініш) түсті, бұл өтініштер бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп өтініш иесіне «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жауап берілді. Яғни, тұлғалардан және әлеуметтік желіден түскен өтініштерге байланысты жалпы саны 11 мемлекеттік қызметшілермен жеке қабылдау арқылы алдын алу жұмыстары жүргізілді.

    Есептік мерзім ішінде Үлгілік жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары, атап айтсақ, 30 семинар –кеңес (26-сы дөңгелек стол форматында және 1- кеңес ZOOM қосымшасы арқылы, 4 кеңес кеңейтілген форматта Ұлытау, Жаңаарқа ауданында және «Ашық есік күні», Теологпен) өткізілді.

    А.ж. 18 сәуірінде және 5 қарашасында мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері т.б. бойынша оқыту жұмыстарын жүргізілді.

    Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысымен бекітілген 2024 жылы Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша облыстық басқармаларға бару және көшпелі семинарларды өткізу кестесіне (әрі қарай - Кесте) сәйкес, сәуірдің 29-ы мен мамырдың 14-і жұлдызы аралығында Ұлытау облысының әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың (20 басқарма) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен консультациялық түсіндірме жұмыстары, яғни 20 кездесу-семинарлары өткізілді.

    Бұл басқармаларға бару, көшпелі семинарлардың негізгі мақсаты: басқарма басшылығымен, мемлекеттік қызметшілермен танысу, қызмет жағдайларымен танысу, ҚР Мемлекеттік кызметшiлерiнiң Әдеп кодексiнiң 3 тарауы 6 тармағы 10) тармақшасында енгiзiлген толыктырулары ( қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселесі) бойынша, Кодекстің 8 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша консультациялық тусiндiру жұмыстарын жүргізу. Сол сияқты, қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын, ұжымдағы моральдық-психологиялык ахуалдың жай-күйiн мониторингтеу мақсатында анонимдi офлайн сауалнамалар алу. Еңбек тәртібінің орындалысын сақтау мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта, мереке, демалыс күндері жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау міндеті туралы жеткізу.

    Аталған тақырыптар бойынша а.ж. 30 сәуірі күні Ұлытау облысының мәдениет және тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен квазимемлекеттік орган басшыларымен ҚР Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша ZOOM қосымшасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді (коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен).

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасары бекіткен 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру мақсатында, Әдеп жөніндегі уәкілдермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен, азаматтармен, сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген азаматтармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігі туындады.

    Әдеп жөніндегі уәкілдермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін лауазымдардың санаттарына жататын лауазымдардың бірі дәрігерлер болғандықтан, келесі түсіндіру жұмыстары ағымдағы жылдың 20 мамыры күні медициналық қызметкерлермен ұйымдастырылды.

    Бұл семинарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының басшысы Арлен Эрыкович Уандыков қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраудың алдын алу шаралары бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Және Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен қызметтік этика нормалары бойынша, қызметшілердің жауапкершілігі мен қызметте болуға байланысты шектеулер туралы, әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар профилактикалық шаралар жүргізілді .

    Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында және көрсетілген декларацияны толтыруды дұрыс түсінбеген қызметшілерді жауаптылыққа тартуды болдырмау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұлытау облысы Мемлекеттік кірістер Департаментінің бас мамандары Куляйша Бигашева мен Жакеева Гулшат ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында Ұлытау облысы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлеріне декларация толтыру бойынша (а.ж. 14,15 наурызы және 16 сәуірі) консультациялық көмек көрсетілді .

    Әдеп жөніндегі уәкілдің іс-қызметін кеңінен насихаттау мақсатында, арнайы бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерге таратылды.

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Роман Юрьевич Кимнің Сәтбаев қаласына ресми сапарына байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуінен, жеке қабылдауынан көп мағлұмат алдым. Сәтбаев қаласы әкімдігінің тыныс-тіршілігімен, Қала әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қызметтерімен таныстым.

    Үлгілік жоспардың 4.5 тармағына сәйкес, 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат «Жезказганский вестник» (О.Н.Мокеевамен сұхбат жарияланды) және «Сарыарқа» газеттерінде (Ә.К.Смағұлов өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті) – 2 мақала және аталған жоспардың 4.1 тармағына сәйкес, Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мәселелері бойынша баспа басылымдарында мақалалар жариялау бойынша «Сарыарқа» газетінде – «Әдеп кодексін сақтау – басты міндет» тақырыбына және Үлгілік жоспардың 2.7 тармағына сәйкес, «Лудомания – қоғам дерті» тақырыбына қазақ тілінде және «Шарайна» басылымында «Болезнь современного общества» тақырыбында орыс тілінде мақалам жарияланды. Және аталған тақырыпта Облыс әкімінің сайтының «Құжаттар» бөлімінде 14 қараша күні екі тілде ақпарат жарияланды.

    Үлгілік жоспардың 6.1 тармағы бойынша «Ұлытау обысы әкімі аппараты» ММ-і ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында 23 - маусым – кәсіби мерекеміз қарсаңында «Ұлытаудың тарихи өңіріне саяхат» атты Корпоративтік Тимбилдинг ұйымдастырылды, 22 маусым күні Ұлт ұясы – Ұлытаудың бөктерінде таза ауаға шығып, демалып, спорттық іс-шаралар өткізіп, тарихи ескерткіштерге саяхат жасап келдік .

    Үлгілік жоспардың 3.1 тармағын (жеке бастың құқықтарына, қоғамдық тәртiпке, имандылыққа қол сұғатын және көліктегі әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, сондай-ақ әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыс жүргізу) және ҚР Мемлекеттік істер Агенттігінің Ұлытау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 22.05.2024 жылғы №14,15 шешімдерін орындау мақсатында а.ж. 26 маусымында қала және аудан әкімі аппаратының басшыларымен, кадр қызметімен (ББК-ВКС режимінде), облыстық әкімдікке қарасты басқарма басшыларымен, облыс әкімі аппараты басшылығымен офлайн режимде семинар-кеңес өткізілді.

    Ереженің 10 тармағына сәйкес, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізуі қажет. Сауалнама Әкімдіктің ресми сайтында жарияланған, барлығы 145 мемлекеттік қызметші (онлайн-1этап) және 133 мемлекеттік қызметші жазбаша (офлайн-2 этап) сауалнамадан өтті. Және өткізілген сауалнамаға ағымдағы жылдың тамызында талдау жасалып, жергілікті атқарушы органдарға таратылды. Жалпы пайыздық көрсеткіші-84,4% және 67,8%. Онлайн 3 этап 2 жарты жылдықта өткізілді, бұл сауалнамаға 120 мемлекеттік қызметші қатысты, жылдың аяғында бұл сауалнамаға талдау жасалып ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданды. Жалпы пайыздық көрсеткіш-80,3%.

    Көшпелі семинардың Кестесіне сәйкес, шілденің 25-сі күні ҚР Мемлекеттік қызметі істері Агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Т.Караева, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының м.а. А.Абикенова және Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ұлытау ауданына ресми сапармен барып, Ұлытау ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен және 15 селолық округ әкімдігімен бейне-байланыс конференциясы режимінде консультациялық жұмыстар жүргіздік.

    Сонымен қатар Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі осындай семинар-кеңесті ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Жаңаарқа ауданы әкімдігінде барлық бөлім басшыларымен (офлайн) және ауданға қарасты село, кент әкімдерімен (БКБ-форматында) өткізді. Сол сияқты Көшпелі семинар кестесіне сәйкес, қазанның 22 жұлдызында Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір және Талап селосы әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен және село әкімдерімен дөңгелек стол форматында сұхбаттасу жүргізіп, селолық округтің тыныс-тіршілігімен танысып, проблемалық мәселелерін тыңдап, оларды шешудің жолдары қарастырылды.

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен 2024 жылдың 11 қыркүйегінде Ұлытау облысының мемлекеттік қызметкерлері үшін «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Семинар барысында құмар ойындарының алдын алу профилактикасы шараларын жүргізіп, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12 бабындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге енгізілген толықтыруларға тоқталып, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша шектеулердің қабылданғанын атап көрсету арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар осы аталған тақырып бойынша, яғни құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты жаңа шектеулерінің мәселелері бойынша а.ж. 10 қыркүйегі күні Instagram әлеуметтік желісінде @elgeqyzmet.ulytau аккаунтында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.Н.Абікеновамен тікелей эфирде сұхбаттасу өткізілді.

    Ағымдағы жылдың18 қарашасы күні Ұлытау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Жанагул Шаймановна Едилбаеваның ұйымдастыруымен және Белгілі дінтанушы, теолог, Астана қалалық «Ырыскелді» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Асанов және Ұлытау облысы Дін істері басқармасының басшысы Дулат Рашидович Тулегеновтың қатысуымен облыстық жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері және мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің діни нанымдарға көзқарасы және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-дәріс өткізілді.

    Семинар барысында Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дулат Рашидович кіріспе сөзінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің баптарына сәйкес, Қазақстан республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтың әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатыны туралы, заңда жарнамалауға тиым салынған қызметтерді, тауарларды жарнамалаудың әкімшілік айыппұл салуға алып келетіні туралы біршама ақпаратты жеткізді.

    Отырыстың негізгі қонағы Нұрлан имам Байжігітұлы семинар барысында қатысушыларды Ислам дінінің рухани азығымен сусындатып, ислам руханиятының құндылықтарға бай тарихына біраз шолу жасап, өмірде орын алатын кемшіліктер мен артықшылықтарға толық тоқталып өтті. Семинар барысында түсінгеніміз күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің түп тамыры осы Ислам дінінен туындап жатқанына көз жеткіздік.

    Ұлытау облысы әкімі аппаратыныңәдеп жөніндегі уәкілі Ж.Ш.Еділбаева

    Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегіуәкілінің 2025 жыл көлеміндеатқарған жұмыстары туралы ақпараты

    2025 жылғы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (әрі қарай – Агенттік) төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жоспарына» (әрі қарай-Үлгілік жоспар) сәйкес негізделеді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің» (әрі қарай Ереже) 9-тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдер өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.

    2025 жылы 77 мемлекеттік қызметшілерге жеке консультациялық көмек берілді, яғни оның ішінде 29-ы мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған және қайта қабылданған азаматтар. Осы аралықта Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан 9 өтініш түсті, бұл өтініштер бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп өтініш иесіне «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде толықтай жауап берілді. Жеке тұлғалардан және әлеуметтік желіден түскен өтініштер мен құқық қорғау органдарынан түскен ұсынымдарға байланысты жалпы саны 44 мемлекеттік қызметші, 4 жеке тұлғамен Әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

    Есептік мерзім ішінде Үлгілік жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстары, атап айтсақ, 42 семинар –кеңес (26-сы дөңгелек стол форматында және 1 кеңес ZOOM қосымшасы арқылы, 7 кеңес кеңейтілген форматта, 5 кеңес ҚР Президентінің жанындағы МБА Ұлытау облыстық филиалында, 1 кеңес ҚР МҚІА Ұлытау облысы бойынша департаментімен және 2 кеңес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен) өткізілді.

    Есепті жылдың қаңтарында облыс әкімі аппараты басшысының м.а. А.А.Құрмансейіттің төрағалығымен жергілікті атқарушы орган басшылары, аппараттың бөлім басшылары, бас инспекторларының қатысуымен кеңейтілген форматта «Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары және қызметтік әдеп нормаларының сақталуының 2024 жылғы жай-күйі және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша жұмыстарды жетілдіру туралы», «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жиі жіберілетін бұзушылықтарын жалпылау нәтижелері туралы» тақырыпта ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы тақырыпта жыл бойы барлық қала және аудан әкімдіктерінде семинар-кеңестер өткізілді.

    Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері т.б. бойынша ZOOM форматында наурыз айында оқыту жұмыстары жүргізілді.

    Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысымен бекітілген «2025 жылы Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша облыстық басқармаларға бару және көшпелі семинарларды өткізу кестесіне» (әрі қарай - Кесте) сәйкес, ақпанның 5-і мен қазанның 3-і аралығында Ұлытау облысының әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың (20 басқарма) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен консультациялық түсіндірме жұмыстары, яғни 20 кездесу-семинарлары өткізілді.

    Бұл басқармаларға бару, көшпелі семинарлардың негізгі мақсаты: басқарма басшылығымен, мемлекеттік қызметшілермен танысу, қызмет жағдайларымен танысу, Кодекстің 8 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу, мүдделер қақтығысы мәселелері, Кодекстің 6 тармағы 8 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік меншік, оның ішінде қызметтік автокөлікті тек нысаналы мақсатта пайдалану бойынша консультациялық түсiндiру жұмыстарын жүргізу. Сол сияқты, қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын, ұжымдағы моральдық-психологиялык ахуалдың жай-күйiн мониторингтеу мақсатында анонимдi офлайн сауалнамалар алу. Еңбек тәртібінің орындалысын сақтау мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта, мереке, демалыс күндері жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау міндеті туралы жеткізу. Сонымен қатар, 2024 жылдың 9 қыркүйегінде күшіне енген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 12 бабы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің 1 тармағына енгізілген толықтырулар, яғни ойын мекемелеріне баруға тиым салыну, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу (сол үшін бөлінбеген орындарда да) түріндегі заңнама бұзушылықтарды болдырмау мәселелері туралы әр басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргізу.

    2025 жылы мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген азаматтармен қызметтік этика нормалары бойынша «Әдептілік – тәрбие бастауы», «Тәрбие – тал бесіктен», «Әдеп және кәсіби мінез - құлық» атты тақырыпта, қызметшілердің жауапкершілігі мен қызметте болуға байланысты шектеулер туралы, әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алу бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы бірқатар профилактикалық шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының қайта даярлау курсының тыңдаушылары үшін қонақ-дәріс айдарымен 5 сабақпен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша Департаментінің басшылығымен Әдеп жөніндегі уәкілдермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру контекстінде мемлекеттік қызметтегі мүддделер қақтығысын реттеу құралдары» атты ғылыми жобасы шеңберінде облыс әкімдігінің барлық басқармалары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп баяндама жасалды. Және квазимемлекеттік секторлар қызметкерлерімен «Ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстың өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілген тағылымы мол кеңеске қатысып, спикер Сайкен Бақытұлы Айсин – Астана қаласы «Ace Adviser» заң компаниясының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидатымен тәжірибе алмастырылды.

    Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Ұлытау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен мамыр айында Ұлытау облысының жас мемлекеттік қызметкерлері үшін Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай шығармашылығына арналған дөңгелек үстел болып өтті.

    Әдеп жөніндегі уәкілдің іс-қызметін кеңінен насихаттау мақсатында, «Әдеп жөніндегі уәкілдің бір күні» атты арнайы айдармен арнайы бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерге таратылды. «Instagram», «Facebook» желілерінен Әдеп жөніндегі уәкілдің ресми әлеуметтік парақшаларына жарияланды, барлық өткізілген іс-шаралар аталған желілерде жарияланып отырады.

    Үлгілік жоспарыдың 4.2 және 6.1 тармақтарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау мақсатында 23 - маусым мерекесі қарсаңында жергілікті бұқаралық ақпарат «Жезказганский вестник», «Сарыарқа» газеттерінде 6 мақала жарияланды.

    Сонымен қатар, ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында жергілікті БАҚ «Сарыарқа» және «Жезказганский вестник» газеттеріне «Абай, этика және мемлекеттік қызмет» тақырыбында мақалалар жарияланды.

    Үлгілік жоспардың 6.3 тармағына сәйкес 23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Ұлытау облысының әкімі Д.А.Рыспеков кәсіби мейрамымызбен құттықтай отырып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің марапаты «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін 2 мемлекеттік қызметшімізге (Оспанова М.Б., Жапаров А.Қ.) және «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісін 2 ардагерімізге (Аманбаев А.Т., Мейрамгалиева Ж.Т.) салтанатты түрде табыстады.

    Ереженің 10 тармағына, Үлгілік жоспардың 6.2 тармағына сәйкес, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жылына 2 рет анонимді сауалнама жүргізіліп отырады. Сауалнама Әкімдіктің ресми сайтында жарияланған, 2025 жылы барлығы 645 мемлекеттік қызметші (онлайн этап, 1 жж. - 200, 2 жж. - 445) және 159 мемлекеттік қызметші жазбаша (офлайн этап) қағаз түріндегі сауалнамадан өтті. Және өткізілген сауалнамаға ағымдағы жылдың тамыз, қазан, желтоқсан айларында талдау жасалып, жергілікті атқарушы органдарға таратылды (Жалпы пайыздық көрсеткіші- 83% және 84,4 онлайн және 64% офлайн).

    Осы жылы қазан айында көшпелі семинардың кестесіне сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі, кент, село әкімдіктерін аралап, қызмет жағдайымен танысып, село әкімдерімен ZOOM форматында, аудан әкімдігінің барлық мемлекеттік қызметшілерімен, квазимемлекеттік сектор басшылығымен семинар-кеңес жүргізілді.

    Үлгілік жоспардың 2.8 және 2.10 тармақтары бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында Ұлытау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен Ұлытау облысы әкімдігіне қарасты басқармалар, әкім аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға» бағытталған ақпараттық - түсіндіру жұмыстары және «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау» мақсатында дінтану саласындағы мамандарды және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тарта отырып профилактикалық жұмыстар, семинар-кеңес жүргізілді. Аталған тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін спикер ретінде: Тілләбек Саян – Ұлытау облысы діндерді зерттеу орталығының директоры, теолог; Сейтжанова Гүлнара Сейтжанқызы – Ұлытау облысы әкімі аппаратының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы, Кәрімов Аманжол Бақытжанұлы – ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі; Ильенкова Вероника Ивановна - «Ұлытау облысы полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің отбасы тұрмыстық зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы баяндама жасады.

    Ұлытау облысы әкімі аппаратыныңәдеп жөніндегі уәкілі Ж.Ш.Еділбаева