Әдеп жөніндегі уәкілі

    Жалпы ақпарат

    «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бақылау және мониторинг жүргізу мәселелері кіреді.

    Ақтөбе облысының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің Мемлекттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау нормаларын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қобда ауданындағы Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары аудан әкім аппаратының басшысы Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлына жүктелгенін хабарлаймыз, телефоны 871341-21445, 87054756875, эл.почта [email protected], фейсбук парақшасы Нұрлыбай Өзбекұлы.

    Қобда ауданы әкімдігінің мамандары мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзған жағдайда, барлық мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Айжарыков Нұрлыбай Өзбекұлына жүгінуге болады.