Ұлытау облысының экономика басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ұлытау облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік салаларда басшылық жүргізетін мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесінде қанша принцип бар, оларды тізімдеңіз

    Жауап

    14 қағидат: бірлік, толықтық, шынайылық, ашықтық, жүйелілік, нәтижелілік, дербестік, сабақтастық, негізділік, уақтылық, касса бірлігі, тиімділік, жауапкершілік, нысаналы атаулылық.

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттарын атаңыз.

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаттары: адамцентрлік, ашықтық, нәтижелілік, тиімділік, үйлесімділік, шынайылық, басқарушылық жауапкершілік, сабақтастық, басқарушылық икемділік және негізділік.

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау әдістемесіне сәйкес жалпы өңірлік өнім салалар бойынша қандай кезеңдермен болжанады?

    Жауап

    Жалпы өңірлік өнімді салалар бойынша болжау үш кезеңде жүзеге асырылады: салалардың нақты қосылған құнының болжамды индексін қалыптастыру, болжамды дефлятор индекстерін анықтау және ағымдағы бағалардағы жалпы өңірлік өнім мен салалардың қосылған құнының болжамды мәндерін есептеу.

    ·
    Сұрақ

    Нақты көлем индексі дегеніміз не және ол қалай есептеледі?

    Жауап

    Нақты көлем индексі – тауарлар мен қызметтер өндірісінің салыстырмалы кезеңдердегі өзгерісін көрсететін көрсеткіш, ол ағымдағы кезеңнің базистік бағалармен есептелген көлемін базистік кезең көлеміне бөліп есептеледі.

    ·
    Сұрақ

    Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау критерийлерінің мақсаты қандай және тірек ауылдық елді мекен дегеніміз не?

    Жауап

    Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау критерийлерінің мақсаты — кластерлердегі тірек, сондай-ақ жақын және шекара маңындағы ауылдарды анықтау; тірек ауылда инфрақұрылым қалыптасып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер көрсетіледі; критерийлер экономикалық, инфрақұрылымдық, демографиялық және геокеңістіктік төрт блокқа бөлініп, 27 көрсеткішті қамтиды.

    ·
    Жоспар

    Ұлытау облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жарияланды: