Өскемен қалалық мәслихаты
Өскемен қаласының мәслихаты жергілікті орган болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басққару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өзге де құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді. Депутаттар арасынан сайланатын және өз функцияларын босатылған негізде орындайтын қалалық мәслихаттың хатшысын қоспағанда, қалалық мәслихат депутаттары өз функцияларын басқа жұмыстан босатылмаған негізде орындайды.
Мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны. Заңға сәйкес сессия кемiнде жылына төрт рет өткізіледі. Алайда, Заңда қажет болған жағдайда депутаттардың немесе қала әкімінің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін мәслихаттың кезектен тыс сессияларын өткізу көзделеді.
Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта тұрақты комиссиялар құрылды.
Жаңалықтар
Ашу2026 жылғы 14 қазанда Өскемен қаласының ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесуге арналған Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысы өтті.
АшуҰстаздар күнімен құттықтаймыз!
Ашу2026 жылғы 30 қыркүйекте Өскемен қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
АшуДаналық, құрмет және мейірімділік күнімен құттықтаймыз!
АшуӨскемен қалалық мәслихатының төрағасы, еңбек сіңірген демалыста жүрген бұрынғы аппарат қызметкерлерін Даналық, құрмет және мейірім күнімен құттықтады
Ашу