"Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
«Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Тасқарасу ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Оқиғалар
Хабарландыру
Ағымдағы жылдың 05 ақпан күні, сағат: 14:30 да Тасқарасу ауылдық округінің әкімі Альмахунов Жақсылық Мысаханұлының халықпен кездесуі өтеді.
Хабарландыру
Хабарландыру
Хабарландыру Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылдық округі 2025 жылдың 20 тамыз күні сағат 14-30 да Тасқарасу ауылдық округі әкімінің қатысуымен Тасқарасу ауылының тұрғындарымен бірлескен жиналысы өткені туралы хабарлайды. Күн тәртібі бойынша талқыланған мәселе: 1.Тасқарасу ауылдық округі бойынша жаңа жобалық көшеге А.Құнанбаев көшесін, Мейрманов Елубай , Иван Панфилов көшесінің атауын Добрынин Георгий Давыдович көшесіне ауыстыру бойынша өткізілді. Талқылау барысынннда Тасқарасу ауылдық округі бойынша тұрғындар көрсетілген мәселені бір ауыздан қолдады. Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты.
2025 жылғы 19 маусымда Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді
2025 жылғы 19 маусым сағат 16.00-де Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылы, С. Сейфуллин көшесі, № 31 мекен-жайы бойынша «Ұйғыр ауданының Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8 /72778/29-7-68 нөміріне хабарласуға болады.