"Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ

    Әкімдік туралы

    Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты Қырғызсай ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    ОтырысАяқталды

    «Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!»

    2026 жылғы 27 қаңтар күні Қырғызсай ауылдық округінде «Өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыз!» атты ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияға Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы К. Мырзалиев және Ұйғыр ауданы АПБ-нің ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты С. Қасымханов қатысты. Акция барысында ауыл тұрғындары мен жастарға өрт қауіпсіздігін сақтау, тұрмыста және жылыту маусымында өрттің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: •электр құралдарын қауіпсіз пайдалану; •пеш пен жылыту құрылғыларын дұрыс қолдану; •ашық отты абайсыз қолданбау; •балаларды өрт қауіпінен қорғау мәселелері айтылды. Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратылып, төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігі ескертілді.#өртқауіпсіздігі #өртқауіпсіздігінсақтайық

    27 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    Уйгурский район, село Киргизсай