№53 ең жоғары қауіпсіздік мекемесі
№53 мекемесі
Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде адамдар жазасын өтейді:
аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандар;
кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған ерлер;
күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген адамдар.