"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ

    КГУ «Отдел архитектуры, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области»

    "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Уәлиханов ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Хабарландыру

    Хабарландыру әсер ету скринингін қарау туралы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ)стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары)жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті: Құжатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпарат қамтылған оның жобасын: «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жас Ұлан, Қайрат, Қаратерек, Көбенсай, Көктерек, Қондыбай, Өндіріс, Телжан ауылдарының дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» Құжатты іске асыру жоспарланатын аумақтың сипаттамасын: «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жас Ұлан, Қайрат, Қаратерек, Көбенсай, Көктерек, Қондыбай, Өндіріс, Телжан ауылдарының дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға , адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етуінің жалпы сипаттамасын жібереді «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жас Ұлан, Қайрат, Қаратерек, Көбенсай, Көктерек, Қондыбай, Өндіріс, Телжан ауылдарының дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» СЭБ материалдарын әзірлеуші:«KazGeoSaulet» ЖШС. СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі:"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ СЭБ әзірлеуге жауапты:"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган:Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз: Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз? Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге? СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге? сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма? Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі:2026-2040 ж.ж. Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі:2026 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 15 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні — 2026 жылғы 5 шілде). Байланыс деректері:Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8. Экологиялық мәдениет және саясат департаменті Тел. 8 (7172) 74-02-83 e-mail: [email protected] [email protected] Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: [email protected]. Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет. СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған: Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

    Жарияланды: