Шығыс Қазақстан облысының Туристік ақпараттық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
Туристік ақпараттық орталық – 2012 жылы туристік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында құрылды. Бұл – Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы мемлекеттік, тегін туристік ақпараттық қызмет көрсететін мекеме.Орталықтың басты мақсаты – ішкі және кірме туризмді дамыту, туристерді шынайы әрі өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету. Мұнда сіз жеке туристік маршруттар бойынша кеңес алып, интерактивті карталарды пайдаланып, алдағы оқиғалар мен фестивальдер туралы ақпарат біле аласыз.Орталық өңірлік туристік өнімдерді ілгерілету мақсатында туроператорлармен, гидтермен, қонақ үйлермен және туристік нысандармен тығыз жұмыс жүргізеді.