«ASTANA TOURISM» ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
«ASTANA TOURISM» ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС іскерлік туризмді дамыту және елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсететін, сондай-ақ астананың халықаралық көрмелерін ұйымдастыру ұйымы болып табылады.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаттары:
елордада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілету;
Астана қаласының Қазақстандық брендінің түрлі деңгейлерінде қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы астанасының имиджін нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру және туризмді дамыту, сондай-ақ Астана қаласындағы халықаралық көрмелерді дайындау.
Серіктестіктің негізгі міндеттері:
өз қызметі аясында қазақстандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
қазақстандық және шетелдік ұйымдардың қатысуымен бизнес-форумдар, семинарлар, көрмелер және өзге де іс-шараларды өткізу және халықаралық іс-шараларға қатысу;
туристік дестинацияны дамыту аясында инвестицияларды тарту және жобаларды іске асыру, елорда брендін ілгерілету;
елорданың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
Астана қаласының кәсіпкерлерімен әріптестік бағдарламаларды ұйымдастыру, өткізу, сүйемелдеу;
туризм саласындағы инновациялық шешімдерді іздеу, зерделеу, тарту және енгізу;
Астана қаласының брендін ілгерілету мақсатында мәдени спорттық іс-шаралар саласында Әуесқойлық, бұқаралық спортты іске асыруға жәрдемдесу;
Астана қаласының брендін ілгерілету мақсатында мәдени спорттық іс-шаралар саласында әуесқойлық, бұқаралық спортты іске асыруға қолдау көрсету;
туристік қызметті дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру.
Мекенжайы мен байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, А.Мәмбетов көшесі, 24-үй, «Аффари» Бизнес орталығы
Сайт сілтемесі: https://visitastana.kz/kz/
электрондық пошта: [email protected]
📞 +7 (7172) 577-765
Әкімшілік-құқықтық департаменті: 📞 +7 (7172) 577-762
Экономика және қаржы департаменті: 📞 +7 (7172) 999-903
Маркетинг және PR-жарнамалау департаменті: 📞 +7 (7172) 577-780
Медициналық туризм департаменті: 📞 +7 (7172) 999-901
Туристік қызмет және инфрақұрылым департаменті: 📞 +7 (7172) 577-773