«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

    Жалпы ақпарат

    Серіктестіктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі — ММЖК) болып табылады.

    Серіктестікке жалғыз қатысушы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі — Жалғыз қатысушы) болып табылады, ол Серіктестікке 100% қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Жалғыз қатысушы ретінде мемлекеттің мүддесін білдіреді.

    Орталық миссиясы

    Серіктестік мемлекеттік органдарды мемлекеттік бағалау жүйесін институционалдық нығайту, мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауды дамыту мен жетілдіруге ықпал ету, мемлекеттік аудиттің кәсіби құзыретті кадрларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ табыс табу мақсатында құрылған.

    Қызмет түрлері:

    - орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынң қызметін ұйымдастырушылық, сараптамалық-талдамалық, әдіснамалық сүйемелдеу және тиімділігін бағалауға қатысу;

    - бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін қалыптастыруды және оны ұйымдастыруды, әдіснамалық жағынан сүйемелдеу;

    - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, экономика, қаржы, мемлекеттік басқару саласында ғылыми, талдамалық және өзге де зерттеулер жүргізуді, консультациялық (консалтингтік қызметтер көрсету) қызметтер көрсету;

    - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, экономика, қаржы, мемлекеттік басқару саласында ақпараттық-талдамалық және сараптау қызметтерін көрсету;

    - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау кадрларын даярлау, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ экономика, қаржы, мемлекеттік басқару саласында оқыту курстарын өткізу;

    - мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың білімін растау;

    - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау, экономика және қаржы саласындағы ғылыми, ғылыми-әдістемелік, әдіснамалық, білім беру, талдамалық және мерзімді басылымдарды, сондай-ақ жеке баспахана құрмай анықтамалық-ақпараттық әдебиеттер әзірлеу және шығару.

    Толығырақ ақпарат https://cifn.kz сайтында.