"Аэропорт Балхаш" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жалпы ақпарат
- Серіктестіктің негізгі мақсаты халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, поштаға және жүктерге тұрақты, қауіпсіз және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, жеке шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында табыс алу болып табылады.
- Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік келесі міндеттерді орындайды:
- әуе кемелерін, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, багажды, пошта жөнелтілімдерін, жүктерді өңдеу, оларды тексеру және бақылау;
- әуеайлақ, әуежай, аэронавигация нысандарын күтіп-ұстау, жөндеу және пайдалану;
- әуежайдың авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бақыланатын аймақта бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын пайдалана отырып күзет қызметін жүзеге асыру;
- қызметкерлерді қайта даярлау, авиациялық қауіпсіздік бойынша біліктілігін арттыру мақсатында оқу орталығын ұйымдастыру;
- әуеайлақ, әуежай, аэронавигация нысандарын және өзге нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- әуе кемелері ұшуларын жарық-техникалық қамтамасыз ету және әуеайлақ, әуежай, аэронавигация нысандарын және өзге нысандарды энергиямен жабдықтау;
- әуежайдың нысандарын, қызметтерін және өзге нысандарды жылумен (жылу энергиясымен) қамтамасыз ету, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері қызметі, қалдықтарды шығару;
- әуе кемелерін, әуежай нысандары мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау, сондай-ақ, авиациялық және автомобиль көлігі үшін жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды сатып алу, сақтау, өткізу, оның ішінде көтерме-бөлшек саудада өткізу;
- әуе кемелерін пайдаланушыларға және өзге да тұтынушыларға арнаулы автокөлік құралдары мен жабдықтарын беру;
- жолаушылар мен экипаждарды әуежайда және әуе кемелерінде тамақпен қамтамасыз ету;
- жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажетті мәліметтермен ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
- жолаушыларға және экипаждарға ұзақ мерзімде болуға орын беру;
- жарнаманы шығару, тарату, орналастыру және қолдану;
- әуежайда және аэровокзалда орындар беру;
- әуежайдың, аэровокзалдың және оған іргелес аумақтың аумағындағы сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану пункттерін басқару;
- авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері, оның ішінде әуе кемелерінің техникалық құжаттамасын сүйемелдеу;
- негізгі функцияны жүзеге асыру үшін медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу және медициналық және дәрігерлік қызмет бойынша қызметтер көрсету;
- әуежай функциясын қамтамасыз ету үшін ядролық материалдармен, иондаушы сәулелену көздерімен (медициналық мақсаттағы рентгендік диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу бойынша атом энергиясын пайдалануға байланысты функциялардың түрлері;
- әуежай функциясын қамтамасыз ету үшін өлшеу құралдарын тексеру, өндіру және жөндеу;
- шетел валютасына қызметтерді, оның ішінде авиациялық қызметтерді, сондай-ақ валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар көрсету;
- тасымалдарды, оның ішінде авиатасымалдарды, жолаушыларды, багажды, жүктерді, почта жөнелтілімдерін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, ақыға немесе жалдау бойынша авиациялық жұмыстарды орындау;
- әуежай функциясын қамтамасыз ету үшін қауіпті жүктерді тасымалдау;
- уақытша сақтау қоймаларын ұйымдастыру және пайдалану, кедендік брокер қызметі;
- әуежай функциясын қамтамасыз ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты жұмыс;
- әуежай функциясын қамтамасыз ету үшін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау және өткізу;
- әуежай функциясын қамтамасыз ету үшін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, улардың, химиялық (уытты) заттардың, химиялық қорғау құралдарының және өнеркәсіптік қалдықтардың айналымына байланысты функция: тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;
- жолаушыларға, тұтынушыларға және әуежайдың басқа да тұлғаларына арналған қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және күтіп ұстау, жолаушыларды, алып жүрушілерді, қарсы алушыларды және басқа да адамдарды автокөлікке арналған ақылы тұрақтарды ұйымдастыру;
- қайырымдылық, демеушілік функция;
- сыртқы экономикалық функцияны жүзеге асыру;
- ақпараттық-техникалық, сауда-делдалдық, жарнамалық функция;
- негізгі мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық немесе ажырамас байланысты басқа да авиациялық және авиациялық емес кірістер алуға ықпал ететін өзге де функциялар.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алу қажет лицензияның немесе рұқсаттың өзге де түрінің, біліктілік аттестатының (куәлігінің) болуын талап ететін міндеттердің түрлері тиісті лицензияны немесе рұқсаттың өзге түрін, біліктілік аттестатын (куәлігін) алғаннан кейін жүзеге асырылады.