«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС

    Жалпы ақпарат

    «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Жүйелік оператор («KEGOC» АҚ) «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) құрды.

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 256 бұйрығына сәйкес «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы болып айқындалды.

    2019 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің Бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі электр энергиясына сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде жаңа өндіруші қуаттар құрылысына және жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғыртуға инвестицияларды ынталандыру мақсатында «Бірыңғай сатып алушы» моделінің негізінде электр қуатының нарығы енгізілді.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №357 бұйрығына сәйкес «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС электр қуатының дайындығын сақтап тұру бойынша қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметті орталықтандырылған көрсететін Бірыңғай сатып алушы болып айқындалды.

    «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Жарғыға сәйкес келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    1) Тұтынушыға электр энергиясын сату (ЖЭК пайдалану объектілері өндірген және электр желілеріне берілген электр энергиясын, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған сатып алу және сату);

    2) Электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету;

    3) Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу жатады.

    «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің еншілес және тәуелді компаниялары, филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

    Басшысы: «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Бас директоры - Шайханов Арман Жанабаевич

    Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат.

    Байланыс телефондары: +7 (7172) 69-38-39

    Веб-сайты: https://rfc.kz