"Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" ЖШС
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын.
Тарихы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2008 жылғы 13 маусымда «Республикалық ғылыми жедел медициналық жәрдем орталығы» акционерлік қоғамы құрылды, ол өз есігін 2009 жылғы 24 қазанда Ұлттық медициналық холдинг құрамында ашты.
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 7 ақпандағы №1 шешімі негізінде «Республикалық ғылыми шұғыл медициналық көмек орталығы» акционерлік қоғамы «Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама 2014 жылғы 4 шілдеде берілді.
12.12.2016 жылдан бастап Орталықтың акциялары «UniversityMedicalCenter»корпоративтік қорына берілді.
2018 жылдан бастап «UniversityMedicalCenter» корпоративтік қорының құрамынан шығып, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» болып өзгертілді.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған Орталық клиникалық, білім беру және ғылыми қызметті жүргізуді жалғастыруда.
Орталықтың қуаттылығы 232 төсек орынды құрайды, оның ішінде 217 – ТМККК/МӘМС жүйесімен.
Орталық Қазақстанда онкохирургия, онкогематология, трансплантология және реаниматология сияқты бағыттар бойынша озық медициналық технологияларды енгізу саласында жетекші болып табылады.
ҰҒОО жаралы жабындардың (ксенотрансплантат) әзірленген технологиялары бар Қазақстандағы жалғыз орталық, аш ішек немесе аппендикс сегментімен несепағарды қалпына келтіру және қайта жаңартуды жүргізеді.
Қызмет түрлері: медициналық
Даму стратегиясы:
ҰҒОО стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрімен 2021 жылғы 7 сәуірде келісілді және ҰҒОО Байқау кеңесінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 2 «ҰҒОО» ЖШС-ның 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен бекітілді.
ҰҒОО-ның миссиясы: халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қатерлі ісіктердің профилактикасын, жоғары технологиялық әдістерге қолжетімділігін, ерте диагностикалау мен емдеуді арттыру арқылы онкологиялық аурулардан болатын өлімді азайту.
ҰҒОО-ның пайымдауы: ОАӨ елдерінде үлгілі инфрақұрылымы және ғылыми, клиникалық және білім беру практикасының интеграциясы бар онкология саласындағы жетекші ғылыми орталық.
ҰҒОО қызметінің бағыттары:
- Халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық көмек көрсету, онкологиялық қызметті үйлестіру;
- Онкологиялық аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің дербестендірілген әдістерін әзірлеу және енгізу;
- Кадр ресурстарын және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту.
Ұйымның сайтына сілтеме: https://cancercenter.edu.kz/index.php/kk/