«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және ауданның автомобиль жолдарын дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жүйесіне сәйкес мемлекеттік мекеме нысанында құрылған. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты уәкілетті орган болып табылады.
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің актілерін, Үкіметтің қаулыларын, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, әкімдіктің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін басшылыққа алады.
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметінің мақсаты:
- Аудан аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын кешенді дамыту.
- Халықтың қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі қызметті үйлестіру, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (сумен, жылумен және электр энергиясымен жабдықтау) сапалы жұмыс істеуін ұйымдастыру, жолаушылар тасымалы саласын реттеу және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.