"Қонаев-КРО" кеден бекеті

    Жалпы ақпарат

    «Қонаев-КРО» кеден бекетінің негізгі қызметі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

    Кедендік ресімдеу орталығы Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді, тауарларды кедендік декларациялаудың дұрыстығына, тыйымдар мен шектеулердің сақталуына, кедендік рәсімдердің қолданылуына, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылуына бақылау жүзеге асырады.

    Орталықтың қызметі тиімді кедендік әкімшілендіруді қамтамасыз етуге, кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жетілдіруге, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.