ҚР ҚМ МКК Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қызылорда-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті
Кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу; кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы баждарды және өтемақы баждарын алу, олардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін бақылау, оларды есепке жатқызу (қайтару) және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау; Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету; декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтау; декларанттар мен кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында белгіленген шарттарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асыру; Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;