Мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімше

    Об отделе

    Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне аудан әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда аудан әкімдігінің, аудан әкімінің және аудан әкімі аппаратының белгіленген тәртіппен мүдделерін білдіру; аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу; нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; ауылдық округ әкімі аппараттарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету.