Талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасы
Жалпы ақпарат
- Басқарма Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) қызметінің жедел басқаруын қамтамасыз ететін және жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) құрылымдық бөлінісі болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрі бекітеді.
- Басқарма:
- басқарма бастығынан;
- басқарма бастығының орыбасарынан, кезекші бөлімінің бастығы;
- бас маманнан;
- аға инспектордан;
- аға инспектор-кезекшіден;
- инспектор-кезекшіден құрылады.
Міндеті: ҚАЖ комитетінің ақпараттық-талдау қызметі.