Спорттық-ұйымдастыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім құзыретіне мемлекеттік, өңірлік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың, стратегия шеңберінде спортты дамыту жоспарларының орындалуын бақылау, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, спорт саласын дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәліметтерді талдау және ұсыну, статистикалық есептерді қабылдау және тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Басқарманың жұмысы туралы анықтамалар, есептер, ақпараттар дайындау кіреді. Басқарма алқасының жұмысын ұйымдастыру. Кадр жұмысын ұйымдастыруды, спорт ұйымдарының басшыларын аттестаттауды, сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік спорттық тапсырысты заңды сүйемелдеуді жүзеге асыру. Басқарманың негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты үйлестіру. Құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, басқа да органдарда басқарманың мүддесін білдіреді.