Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес
Жалпы ақпарат
Кеңес мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және жастардың өңірдің өзекті мәселелерін шешуге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қызмет жүзеге асырады.
Кеңестің негізгі міндеттері
- мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
- мемлекеттік жастар саясаты міндеттерінің іске асырылу тиімділігін талдау;
- мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылау.
Кеңестің функциялары
- өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды және талқылайды;
- жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартады;
- жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі;
- мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.
Кеңес төрағасы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Кеңестің жұмыс органы – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы.
Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының, жастар ресурстық орталықтарының, студенттік қауымдастықтардың, жұмысшы жастардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.