Ішкі аудит қызметі
- Жалпы ережелер
- Осы Ішкі аудит қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі - ІАҚ) мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
- ІАҚ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), қолданыстағы заңнама талаптарына, осы Ережеге және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
- ІАҚ құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
- ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді, және олар Алматы қаласы әкімінің (бұдан әрі - Әкім) келісімі бойынша Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.
- ІАҚ мәртебесі
- ІАҚ Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Әкімге есеп береді және бағынады, ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады.
- ІАҚ ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.
- ІАҚ басқа құрылымдық бөлімшелердің құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындауға немесе орындауға қатыстырыла алмайды.
- ІАҚ қызметкерлеріне ІАҚ мәртебесіне және осы Ережеге сәйкес қолданылмайтын құжаттарды қоспағанда Алматы қаласы әкімдігінің ішкі құжаттарының ережелері таратылады.
- ІАҚ қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
- ІАҚ мақсаттары, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттемелері
- Әкімге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жәрдемдесу, оған тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну ІАҚ негізгі мақсаты болып табылады.
- ІАҚ міндеттері:
1) стратегиялық құжаттардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, қызметті ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.
- ІАҚ функциялары:
1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;
2) Алматы қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) құрылымдық бөлімшелерінде, оларға қарасты ұйымдарда олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
3) Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде және оларға қарасты ұйымдарда сәйкестік аудитін жүргізеді;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;
5) ішкі процестердің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде және оларға қарасты ұйымдарда ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
6) бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы Әкімдіктің даму бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды;
7) тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады;
7-1) коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратын тыңдайды;
9) Әкімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, Әкімдік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;
10) Әкімге жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады.
11) тәуекелдер бейіндерінің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен дереу ден қою тәуекелдері бейіндерінің тиімділігіне (өзектендіруге) мониторингті жүзеге асырады;
12) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
Егер тиісті Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ІАҚ орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.
- ІАҚ құқықтары:
1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;
2) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды тиісті уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;
3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялылық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;
4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, оның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялылық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;
6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;
7) Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде және оларға қарасты ұйымдарда ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыстағы консультациялық қызметтер көрсету;
8) Әкім және оның орынбасарлары, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы өткізетін кеңестерге, қала Әкімдігі, басқармалар, Алматы қаласы Консультативтік-кеңесші органдар (Комиссия, Кеңестер және т.с.) отырыстарға, Әкімдік және Алматы қаласы аудандарының әкімдері өткізетін іс-шараларға қатысу.
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.
- ІАҚ міндеттері:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;
2) ІАҚ-ның жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, ІАҚ оқыту бойынша жоспарларын әзірлейді, оларды Әкімге бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;
3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Әкім бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;
5) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;
6) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, оның ішінде ІАҚ-ның деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;
10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының
іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;
11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;
13) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;
14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;
16) Әкімге мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;
17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;
18) Әкім басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
- ІАҚ оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттардың негізгі қағидаттарын бұзғаны үшін ІАҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады
ІАҚ қызметін ұйымдастыру - ІАҚ – ға басшылықты заңнамамен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын ІАҚ басшысы жүзеге асырады;
- ІАҚ басшысы ІАҚ-ға жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылауын қамтамасыз етеді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ІАҚ қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамына қатысады.
19. ІАҚ басшысы Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының келісімі бойынша ІАҚ құрылымы және штаттық кестесі жөнінде Әкімге ұсыныстар береді. - ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІАҚ атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, ведомстволарға, аумақтық органдар ммен ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сауалдарға ІАҚ басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
- ІАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен, Ішкі аудит қызметі туралы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
- ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Әкім бекіткен тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
- ІАҚ есептілігі
- ІАҚ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жібереді.
- ІАҚ жыл сайын ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Әкімге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жылдық есеп береді