Ішкі аудит қызметі

    Жалпы ақпарат

    Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ІАҚ) мемлекеттік органның бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, облыстың әкіміне есеп береді және бағынады, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудитті жүгізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз. Мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының стартегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну ІАҚ негізгі мақсаты болып табылады. ІАҚ міндеттері:
    1) мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
    2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органның қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру. ІАҚ мынадай мемлекеттік аудит түрлерін жүзеге асырады:
    1) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау;
    2) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.
    ІАҚ қаржылық есептіліктің мемлекеттік аудитін жүргізуге қатысады. ІАҚ жыл сайын облыстың әкіміне, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептер береді.