Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметінің функциялары:
1) Қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады;
2) Жергілікті атқарушы органдарда, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
3) жергілікті атқарушы органдарда, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сәйкестік аудитін жүргізеді;
4) Жергілікті атқарушы органдарда, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарттар талаптарының орындалуының, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді;
5) Жергілікті атқарушы органдардың, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) Тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде жергілікті атқарушы органдарда, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
6) Бюджеттік шығыстармен өзара байланыста, оның ішінде нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялар шеңберінде аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді талдайды;
7) Жергілікті атқарушы органдарда, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;
8) Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
9) облыс әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, жергілікті атқарушы органдардың, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;
10) облыс әкімі үшін жылдық жұмыс жоспарларының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.