Ішкі аудит қызметі

    Жалпы ақпарат

    Әкім аппаратының ішкі аудит қызметі Жамбыл облысы әкімі аппаратының бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, облыс әкіміне бағынады және есеп береді және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде әрекет етеді. ІАҚ қызметінің негізгі мақсаты облыс әкіміне мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне, аумақтарды дамыту бағдарламаларына қол жеткізуге жәрдемдесу, облыс әкіміне жергілікті атқарушы органның тиімді басқаруын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну болып табылады.