Персоналды басқару қызметі

    Жалпы ақпарат

    Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастырады және персоналды басқару стратегиясын іске асырады. Әкім аппаратының кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлауды жүзеге асырады. Әкім аппаратының кадрлық құрамын қалыптастырады және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады. Әкім аппараты кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етеді. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізеді, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.