ТЖ жұмылдыру дайындығы және Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі
ТЖ жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің бас маманы міндеттері
3.1. Басқарма аппаратында құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, басқарма қызметкерлеріне құпия құжаттарға рұқсат ресімдейді. Құпия тасымалдаушылардың ҚР шегінен тыс шығуы кезінде құпиялылық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, басқару аппараты бойынша құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жылдық есепті жасайды.
3.2. Денсаулық сақтау басқармасының Жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды орындайды және ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың жұмысын бақылайды және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Жұмылдыру дайындығы бойынша облыстың денсаулық сақтау жүйесінің жылдық жиынтық есебін жасайды. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің есептік жылға арналған жұмылдыру жоспарын әзірлейді.
3.3. Әскери міндеттілерді әскери есепке алу және брондау бойынша облыстың денсаулық сақтау жүйесінің жиынтық жылдық есебін жасайды, әскери міндеттілерді әскери есепке алу және брондау мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
3.4. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде Төтенше жағдайлар кезінде іс-шараларды орындайды. Соғыс уақытына арналған облыстың денсаулық сақтау жүйесін азаматтық қорғау жоспарын, ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын жасайды. Облыстың медициналық ұйымдарында әскерилендірілмеген медициналық құралымдармен жұмыс жүргізеді. ТЖ кезінде іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
3.5. Терроризм актісінің салдарын азайтуға және (немесе) жоюға қатысатын медициналық құралымдардың дайындығын бақылайды.
3.6. Әскерге шақыру медициналық комиссиясын құру жөніндегі өкімдік құжатты әзірлейді, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру барысы туралы баяндамалар, есептер жасайды.
3.7. Күзетілетін адамдардың келуі кезінде медициналық қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлейді.
3.8. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.