ҚР ІІМ Тергеу департаменті
Тергеу департаменті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдарында қылмыстарды тергеуді, анықтауды және ашуды қамтамасыз ететін және тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлініс.
ТД:
1) Басшылықтан;
2) Аймақтық бақылау және алдын ала тергеуді ұйымдастыру басқармасынан;
3) Алдын ала тергеуді талдау жұмысы басқармасынан;
4) Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасынан;
5) Бақылау-әдістемелік басқармасынан;
6) Ұйымдасқан қылмыстар туралы істерді тергеу басқармасынан;
7) Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасынан;
8) Ауыр және мүліктік қылмыстарды тергеу басқармасынан;
9) Экстремизммен және есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды тергеу басқармасынан;
10) Әскери-тергеу басқармасынан тұрады.
Міндеттері:
1) ішкі істер органдарының тергеуіне жатқызылған қылмыстардың жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару және аймақтық бақылау;
2) тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
3) қылмыс жасаған адамдарды уақтылы әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту, жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету;
4) әскери қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;
5) қылмыстық істерді тергеу барысында азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
6) қылмыстық іс жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
7) қылмыстар профилактикасы;
8) қылмыстарды анықтаудың, ашудың және тергеудің отандық және шетелдік оң тәжірибені зерделеу, жалпылау және ішкі істер органдарының практикасына енгізу.