Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі-әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады
Жаңалықтар
Құжаттар
«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ЖОБА
ЖОБА «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/5 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 50 685,4 мың теңге: салықтық түсімдер – 6 194 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0 теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге; арнаулы түсімдер – 0 теңге; трансферттер түсімдері – 43 491,4 мың теңге; 2) шығындар – 50 906 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге: бюджеттік кредиттер – 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге; 4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге: қаржы активтерді сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -220,6 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 220,6 мың теңге: қарыздар түсімі – 0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 220,6 мың теңге.»; 7-тармақ мынадай мазмұндағы 2),3),4),5) тармақшалармен толықтырылсын: 2) іссапар шығыстарын төлеу; 3) қызметтік автокөлікті ағымдағы жөндеу; 4) жұмысшылар үшін арнайы киім сатып алуға; 5) көшені жарықтандыру үшін ақы төлеуге (қыркүйек-желтоқсан).». көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова
Баспасөз-хабарлама
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/5 «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-баптары, 98-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы болып табылады. Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету. Жамбыл ауылдық округінің бюджетін нақтылаудың көздері: бюджеттің кіріс бөлігін түзету, бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы қаражатты қайта бөлу, аудандық бюджеттен нысаналы трансферттерді азайту. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі Н.Тұрсынбаев