Жамбыл ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Жамбыл ауданының әкім аппараты (ілгеріде-Аппарат) аудан әкіміне тікелей бағынышты және есеп беруге міндетті, әкімнің және аудан әкімдігінің қызметін, ақпараттық-сараптау, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық жабдықтауды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    KazAgroFarm 2026 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі

    2026 жылғы 21-23 қазан аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында KazAgroFarm 2026 халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. Көрмеге ауыл шаруашылығына арналған заманауи технологияларды, жабдықтар мен инновациялық шешімдерді ұсынатын 25 елден 300-ден астам компанияның қатысуы жоспарлануда. Көрме ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін агроөнеркәсіптік кешенге арналған заманауи технологиялар мен шешімдермен танысуға, жаңа жабдықтар мен қызмет түрлері туралы ақпарат алуға, әлеуетті жеткізушілерді табуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

    21 қазан 2026 ж. – 23 қазан 2026 ж.Тікелей
    город Астана в Международном выставочном центре «EXPO»
    ОтырысАяқталды

    «Еңбек жолы» - 2026 конкурсы

    2026 жылғы 1 мамыр м ен 01 шілде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастайды. Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинацияларынан тұрады. Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді. Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу. Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды. Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады. «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады. «Өндірістің үздік жас қызметкері» - өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады. «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» - кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады. «Еңбек Жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес «Еңбек Жолы» облыстық конкурсына қатысу үшін үміткерлерден алынған ресімделген материалдарды «СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не (Петропавл қ. Абай к., 64) 2026 жылғы 01 шілде күні дейінгі мерзімде қолма-қол ұсыну қажет. Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

    1 мамыр 2026 ж. – 1 шілде 2026 ж.Тікелей
    г. Петропавловск, ул. Абая, 64
    ОтырысАяқталды

    Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні

    Хабарландыру 2025 жылдың 20 қарашасында сағат 10:00-де Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 10 мекенжайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ғимаратында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өткізіледі. Қабылдау барысында аудан тұрғындары аудан әкіміне, мемлекеттік органдардың басшыларына қызықтырған сұрақтарын жеке өзі қойып, қажетті түсініктемелер ала алады. Сонымен қатар, азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізу аясында облыстық басқармалардың басшыларына call-орталық арқылы сұрақтар қою мүмкіндігі ұйымдастырылады. Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

    20 қараша 2025 ж.Тікелей
    село Пресновка, улица Дружбы, 10
    Ақпарат

    САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хабар сайланған әкімді тіркеу туралы

    Хабар сайланған әкімді тіркеу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 30.10 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат

    2026 жылдың 30.10 жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Call центры,онлайн-сервисы

    Call орталықтар, онлайн сервистер Телеграм

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТ Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы

    АҚПАРАТ Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағындағы үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Жарияланды: