Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты
«Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2026 жылдың 4 тоқсанында азаматтарды қабылдау кестесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексінің90-бабының 1-тармағына сәйкес: Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің 2026 жылдың 4 тоқсанында азаматтарды қабылдау кестесі бекітілсін. Б. Досмұханов
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ есебіне аналитикалық анықтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 419/29 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1.Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 419/29 шешіміне мынадайөзгерістеренгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге1, 2және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер– 65227,2 мыңтеңге: салықтық түсімдер –9023,9мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1800,1 мың теңге; трансферттер түсімі– 54403,2 мыңтеңге; 2) шығындар– 67512,3мыңтеңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2285,1 мың теңге; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – - 2285,1 мың теңге; 7)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2285,1 мың теңге: қарыздар түсімі – 0 мың теңге; қарыздарды өтеу – 0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2285,1 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2.Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы С. Бекшенов
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 419/29 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешіміне Баспасөз – релиз
Осы нормативтік - құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет Кодексінің94, 96-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының6-бабы 2-7-тармағыболып табылады. Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету. Бюджеттің шығыс бөлігінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу қажет: Қысқарту: - 124.006.015 «Жергілікті деңгейдегі мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларын қолдау» бюджеттік бағдарламасы – 155 000 мың теңге; - 124.008.015 «Ауданның елді мекендерінде көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы – 365 000 мың теңге ; - 124.013.015 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы – 880 000 мың теңге. Ұлғайту: - 124.001.015 «Әкім қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы – 1 400 мың теңге: - көлік құралдарын ағымдағы жөндеуге – 400 мың теңге; - 2026 жылдың төртінші тоқсанына арналған қызметтік көлікке бензин сатып алуға – 240 мың теңге; - мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығындарын төлеуге – 200,0 мың теңге; - мамандарды оқытуға – 200 мың теңге; - мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындағаны үшін төлемдерге – 200,0 мың теңге; - компьютерлік техника мен жабдықтарға қызмет көрсетуге – 160 мың теңге. Нормативтік құқықтық актінің қабылдау теріс әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Шешім жобасы 2026 жылдың 28 қыркүйегінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылған. Абай ауылдық округі әкімі Б. Досмуханов