Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзі-өзі басқаруды жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің кең таралған түрлері талқыланды. Тұрғындарға онлайн төлемдер жасау кезінде сақтық шараларын сақтау, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді және растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ жеке деректерді қорғау және интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда қандай әрекет жасау керектігі түсіндіріліп, алаяқтық белгілері анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарласу ұсынылды #заңментәртіп #законипорядок

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекендердің қауіпсіздігі мен тұрғындардың әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекендердің қауіпсіздігі мен тұрғындардың әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында елді мекендерді абаттандыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаюға және олардың Ресей Федерациясының аумағына өтіп кетуіне жол бермеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ Мемлекеттік шекара маңында өрттің туындауына жол бермеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасының шекара заңнамасының талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында тұрғындарға көтерілген әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнаманы сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздікті нығайту және ауылдық округтің қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Халықты электронды қызметтерді өз бетінше алуға үйрету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары өзіне-өзі қызмет көрсету секторында оқыту жүргізеді

    Халықты электронды қызметтерді өз бетінше алуға үйрету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары өзіне-өзі қызмет көрсету секторында оқыту жүргізеді, бұл жұмыс қызмет алушыларға үйден шықпай-ақ барлық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Маусым айында 3 адам оқытылды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің кең таралған түрлері талқыланды. Тұрғындарға онлайн төлемдер жасау кезінде сақтық шараларын сақтау, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді және растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ жеке деректерді қорғау және интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда қандай әрекет жасау керектігі түсіндіріліп, алаяқтық белгілері анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарласу ұсынылды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов жалғыз тұратын зейнеткерлермен интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру әңгімесін өткізді.

    Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов жалғыз тұратын зейнеткерлермен интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру әңгімесін өткізді. Кездесу барысында телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері түсіндірілді. Зейнеткерлерге алаяқтарды қалай анықтау керектігі, банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға беруге болмайтындығы туралы айтылды. Сондай-ақ онлайн төлемдер жасау және мобильді банкинг қосымшаларын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға жеке деректер мен қаржылық қаражаттарын қорғау бойынша ұсынымдар берілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Белов ауылдық округінде кезекті «Таза бейсенбі» өтті.

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Белов ауылдық округінде кезекті «Таза бейсенбі» өтті.

    Жарияланды: